КІШКЕНТАЙ АУЫЛ

Ол қайтадан оқ жасап, табаны айналдыра бастайды. Сырттан кенет дауыс естіледі.

ДАУЫС. Ей, есалаң!

ДЕМЕСІН (атып тұрады). А? О кім? Кім келген? (Тарс етіп мылтық атылады. Демесін кеудесін басып, теңселіп тұрып қалады. Сәл бойын түзеп, мылтығына жармасады). Пәшист. Пәшист (Сырттан шаба жөнелген ат тұяғының дүбірі естіледі). Қазір, қазір мен сені қуып жетем. Оңбаған пәшистер. Маған оқ атты. Маған. Тыныштыққа. Тыныштық күзетшісіне. Не үшін? Не үшін? Менің жазығым не?.. Жазығым не?..

Сахнада көпшілік. Жиналғандардың ішінде Ардақ пен Ормантай да бар. Сахна түкпірінен Демесіннің шанасы айналып келе жатады. Ол мылтығына сүйеніп қимылсыз қалыпты. Ормантай оған жайлап жақындайды.

ОРМАНТАЙ. Демесін! Ау, Демесін!..

Ол үндемейді. Ормантай оның мылтығын алған кезде Демесін бойын соңғы рет тіктеп біраз тұрады да, шанасына құлап түседі.

АРДАҚ. Біздің ең кішкентай ауылдан шыққан тағы бір  құрбандық…

ОРМАНТАЙ. Иә, Ардақ, соғыс құрбандық таңдамайды.

Соңы

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15