Батысқа Шығысты мойындатқан қаламгер
Штюрмерлер халыққа жақын болды, ол қарапайым халықтың жанды тіліне кеңінен жол ашты. Неміс драматургиясын жаппай шекспирлендіру тенденциясы басталды. Лессинг бұл бағытты ешқашан алдына мақсат етіп қойған жоқ. Алайда «Дауыл мен шабуыл» деп аталған қозғалыс неміс драматургиясын шекспирлендіруден бас тартқан жоқ. Осы қозғалысты жастар жағы жаппай қолдады. Солардың арасында Иоганн Вольфганг Гете де болды. Ол ауқатты отбасында дүниеге келді. Лейпциг, Страсбург …
Өз сынынан қорыққан драматург (2-бөлім)
«Шағала» мен «Ваня ағайдың» алғашқы сәтсіз қойылымынан кейін және газет-журналдар мен ең жақын достарының ауыр сынынан кейін «енді 700 жыл өмір сүрсем де, драматургияның есігін қайтып ашпаймын» деп пьеса жазудан бас тартқан А.П.Чехов сияқты Н.В.Гоголь де «Ревизордың» Петербургте, онан соң Мәскеудің Кіші театрындағы сәтсіз қойылымынан кейін ұзақ уақыт бойы драматургиядан қол үзіп кетті. Бір кездері «Драма сахнада ғана өмір сүреді, …
Өз сынынан қорыққан драматург (1-бөлім)
Н.В.Гоголь өзінің хаттарының бірінде былай деп жазған еді: «Театр деген еріккеннің ермегі емес, әрбірден соң қажеті жоқ бос әурешілік те емес. Егер оның шаңырағының астына бір-біріне ұқсамайтын мыңдаған адам сыйып, сол мыңдаған адам бір сәтте күліп, бір сәтте күңіреніп, бір сәтте көзіне жас алып күрсінетін болса, оны қалайша қасиет тұтпауға болады? Ол деген барша әлемнің алдында асқақ үніңді білдіре алатын …
Енді 700 жыл жасасам да пьеса жазбаспын деген драматург
Чехов және пьесаларының тағдыры АНТОН ПАВЛОВИЧ ЧЕХОВ (1861-1904) Хрущов: «В человеке все должно быть прекрасно: и лицо, и одежда и душа и мысль» («Леший») Чеховтың әкесі Павел Егорович өте қатал адам болыпты. Ол балаларына аяушылық жасамайтын: ұрады, ұрысады, суық лавкада жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Сабақты да суық лавкада оқытатын. Ағалары Александр мен Николай да жазадан көз ашпайтын. Чеховтың қиын …
Ағысқа қарсы жүзген жазушы (жалғасы)
Украинадан Мәскеуге 1921 жылы көшіп келген Михаил Булгаков Большая Садовая көшесіндегі 10-үйдің 50 пәтеріне әйелі Татьяна Лаппа екеуі қоныстанады. Дәл осы үйде сол кездегі атақты театр суретшісі Георгий Якуловтың шеберханасы болатын. Оның шеберханасына әйгілі адамдар көп жиналатын. Олардың арасында оқу-ағарту наркомы Луначарский, ақындар Андрей Белый, Сергей Есенин, режиссер Мейерхольд сияқты ұлы тұлғалар болды. Есенин дәл осы шеберханада Айседора Дунканмен танысып, …
Ағысқа қарсы жүзген жазушы
Шығармашылық тағдыры тар жол, тайғақ кешуге толы талай ерекше талант иесі бар. Солардың бірі – орыстың әйгілі жазушысы – Михаил Афанасьевич Булгаков. Ол бар-жоғы 49 жыл өмір сүрді. Осы 49 жылдың ішінде ол артына өлмес мұра қалдырып кетті. А.П.Чехов сияқты оның да мамандығы – дәрігер. Сондықтан да болар, оның әңгімелерінің негізгі тақырыбы дәрігерлер өмірінен алынған. Оның басты шығармалары: «Мастер мен …
Бізге белгілі әрі белгісіз Горький (Соңы)
Аңыз бен ақиқат Дәл осы сәтке дейін М.Горький өмірі аңыз бен ақиқат арасындағы жазушыға қажет атақ-даңқ пен құрметке бөленіп келсе, бір кездері өзін 25 жасар жігіттей сезіндірген ғашығы сол аңыздың бәріне қара нүкте қоярын романтикалық сезім мен сенімге құлай сенетін талант иесі қайдан білсін. Кеңес өкіметінің әдебиет әлеміндегі атын асқақтата түскен «Егор Булычев және басқалар», «Шыңырауда», «Мещандар», «Саябақшылар» («Дачники»), «Күн …
Бізге белгілі әрі белгісіз Горький (жалғасы)
Горький шығармашылығындағы үлкен белестердің бірі – оның «Егор Булычов және басқалар» драмасы мен «Васса Железнова» трагедиясы болды. Тақырып жағынан екеуі де бір-біріне ұқсас. Егор Булычов та, Васса Железнова да Ресейдегі ең ірі кәсіпорын иелері. Мұндағы драмалық ситуациялар да бір-бірімен қарайлас келеді. Сондықтан да болар, театр сыншылары Васса Железнованы «юбка киген Булычов» деп те атап жүрді. «Егор Булычов және басқалар» пьесасы …
Бізге белгілі әрі белгісіз Горький (жалғасы)
Бізге белгісіз Горький Кеңес Одағы кеңістігінде оның шығармаларының таралымы 242 миллионға жетті. Оның атақ-даңқы тек Кеңес Одағының шеңберімен шектеліп қалған жоқ, ол әлемдік деңгейдегі ең әйгілі, ең атақты ойшыл жазушы боп мойындалды. Алты рет Нобель сыйлығының номинанты болды. Бірақ оған әдебиет саласындағы ең атақты сыйлық бәрібір берілмеді. Комитет мәжілісіндегілердің пікірі бойынша, оған сыйлықтың берілмеу себебі – М. Горький алғашқы кезеңде …
Бізге белгілі әрі белгісіз Горький (жалғасы)
Өмірдегі және шығармашылықтағы драма «Театрдың туылуы» атты кітабында МХАТ-тың негізін салушылардың бірі әрі Островскийдің, Чеховтың, Толстойдың, Горькийдің пьесаларын реформаторлық жоғары таным деңгейімен сахналап, олардың шығармаларына өлмес ғұмыр сыйлаған В.Немирович-Данченко бүкіл театр болып Ялтаға, Чеховтың көңілін сұрауға барған кезінде кенеттен Горькиймен танысқанын, сол таныстықтары шығармашылық достыққа ұласып, оған бір емес, бірнеше пьеса жаздырғанын айтады. «Ялтаға келген соң, театр артистерін қонақүйге орналастырып …