Мемлекеттік тіл туралы заңды парламент Президенттен талап етуі керек – Дулат Исабеков

БАРЛЫҚ САЛАНЫҢ БІРІНШІ БАСШЫЛАРЫ ҚАЗАҚ ТІЛІН БІЛУГЕ МІНДЕТТІ! Қазір парламентте ел “Ақ жол” партиясы фракциясының көтерген маңызды мәселелерін жіті қадағалап отырады. Өйткені, Алаш ұстанымын ұстанған ақжолдықтар ұлттық идеологияда да, әлеуметтік-экономикалық салада да өздерінің қарқынды қайраттарын көрсетуде. “Ақ жол” фракциясының мүшелерінің бірі, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазыбек Исаның парламент депутаты болып, халық мандатына ие болғалы бері еліміз үшін өзекті мәселелерді өткір …

Дүрліккен дүние және бейғам Қазақстан

Бүгінгі таңда әлем жұртшылығы 16 жыл бойы бүкіл планетаның, 20 жыл бойы Американың ең бай адамы атанып, қазіргі кезде «Амазон» компаниясының негізін қалаушы, 108,9 миллиард доллары бар Джеффа Безостан кейін екінші бай адам атанып қалған Билл Гейтстің төңірегінде қызу айтыс бастап кетті. Мicrosoft жүйесінің негізін қалап, адамзат өміріне жаңа бағыт енгізген атақты миллиардер бар әлемге не үшін жақпай қалды? Оны …

Пушкин. Абай. Және басқалар

Пушкин – негр. Оның бабасын орысқа түріктер сыйлады. Оның шөбересі орыстың ұлы ақыны болды. Оны француз атып өлтірді. М.Ю.Лермонтов. Шотландық. Арғы  атасы Лермонт тағдырдың айдауымен Ресейге кеп орнықты. Оны орыс атып өлтірді. Ол да Пушкин секілді орыс поэзиясының шыңына айналды. «Тағдыр етсе Алла, Не көрмейді пәнда».    (Абай)                                                           «Құдайға шүкір, Пушкинді  орыс емес, француз атып өлтірді» деп өзін-өзі жұбатты Марина …

Драматург пен режиссердың бірлестігі немесе зорлап пьеса жаздыруға бола ма?

Драматург пен режиссердің шығармашылық бірлігі дегенді біз қалай түсінеміз және  ол байланыстардың кәсіби үрдістері қандай? Театр театр болғалы, әріге барсақ, көне Грекия дәуірінен басталған театр өнері сахналық әдебиетке, яғни, драмалық шығармаға зәру болған. Тіпті, бас-аяғы түгел драмалық шығарманы қажет етпейтін театрландырылған көріністерді қоюға арналған композициялардың өзіне де белгілі бір сценарий қажет. Театр өнері өзінің қалыптасу, өркендеу, даму, профессионалдық өсу жолдарының …

АРИСТОФАН. ҒАСЫРЛАР  ҮНДЕСТІГІ

(Жалғасы) Сатира мен сынның досы – халық, жауы – билік. Солай болған, бола да бермек. Табиғат заңы секілді бұл да оңай өзгере қоймайды. А.Чеховтың «Студент» деген әңгімесінде: «… осындай үскірік жел Рюриктің кезінде де, Иоан Грозныйдың кезінде де, Петрдің кезінде де азынап соғып тұрған, бұдан кейін де соға бермек» деген сөйлем бар. Сол сияқты, шындықты айтқан ақын-жазушылар ешқашан биліктің сүйіктісі …

АРИСТОФАН. ҒАСЫРЛАР  ҮНДЕСТІГІ

«Мақсатқа жетіп бәрі де, Олар да өтті дүниеден»                                         «Мұңлық-Зарлық» дастанынан Біздің жыл санауымыздан мыңдаған жылдар бұрын алақандай Грекия бүкіл адамзатқа «өркениет» деп аталатын ұғымды құрайтын өмірдің барлық компоненттерін таратты. Тарих, философия, шешендік өнер, юриспруденция, мемлекеттік құрылым, демократия, парламенттік басқару, жоғары билік (сенат), сөз бостандығы мен адам құқығы сияқты қоғамның жетілген формасымен қатар театр, драматургия, спорттың олимпиадалық түрін де өмірге …

Дулат ИСАБЕКОВ: АРЫС ОҚИҒАСЫ – ҮЛКЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПСЫЗДЫҚ

Махамбет Өтемісұлы айтқандай, «Тағы да келдік тар жерге, таңдасаң тағы болар ма?» деген. Тағы да біз тығырыққа тірелдік. Тағы да топалаңның астында қалдық. Бір қала, бір өңір халқы Ақтабан Шұбырындыдағыдай дала кезіп, бас сауғалап кетті… Мемлекет де, қарапайым халық та шама-шарқынша, қол ұшын созып жатыр. Жекелеген кәсіпкерлер де миллиондап қаржы аударып жатыр. Осының бәрінің алдын алуға болатын ба еді? Болатын …

БӘРІНЕ УАҚЫТ ТӨРЕШІ

Уақыт қатал, уақыт қатыгез, уақыт мейірбан. Ол зымырап өте береді, оған ілескендері ілеседі, ілеспегендері жол шетіне шығып ұмытылып қала береді. Әрнуар Боранбаев уақыттың қатал сынынан сүрінбей, бейнесі көмескіленбей, керісінше, жылдар өткен сайын жұлдызы жырқырай түсіп, замандастары мен кейінгі ұрпақтың алдында мақтаныш тұтар айтулы тұлғаға айналды. Сахнада, экранда жасаған образдары, қала берді, қазақ тіліне аударылған көптеген фильмдердегі қайталанбас қоңыр даусы бәріміздің …

Сценарийден экранға дейін

1975 жылы «Қазақфильм» киностудиясы жас жазушыларды киноға тартпақ болып, бір топ жас ақын-жазушыларды кешкілік курсқа шақырды. Киноның ерекшелігімен таныстырды, актерлер, режиссерлер сабақ берді. Оның соңы Мәскеу түбіндегі киногерлердің демалыс үйіне барып, отандық, шетелдік фильмдермен етене танысатын бір айлық курстан өтуімізбен аяқталды.  Одан қайтып келген соң бәрімізден болашақ сценарийдің жобасын жазып әкелуді тапсырды. Мен «Гауһартас» повесі бойынша жоба емес, сценарийдің алғашқы …

Сценарийден экранға дейін…

«Кино түсіргім келеді». Мұндай талпыныс-тілекті қазіргі кезде, әсіресе, жастардың арасынан, тіпті кәнігі режиссерлердің аузынан да жиі естиміз. «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» дегендей, кино түсіруге деген ынтығушылық соңғы кезде көбейе бастады, тіпті әнші-биші, күйшілер де продюсер болып, фильм түсіруге кірісіп жатыр. Кинорежиссер, киносценарист мамандығын кәсіби түрде меңгеру үшін талапкерлердің бәрі дерлік Алматыда, ВГИК-те, қала берді шетелде оқып келіп, «Қазақфильмнен» әрең дегенде …