Мұңлық-Зарлық

«Мұңлық-Зарлық» дастанын ел арасында қиссашыл ақын Жүсіпбек Шайхысламұлы жазып алып, ауыздан-ауызға таратқан екен. Бертін келе Дулат Исабеков жазып шыққан пьеса театрда сахналанып жүр.«Мұңлық-Зарлық» Шығыс жұртына ортақ дастан саналғанымен, қазақтың төл туындысы екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Ағалы-қарындасты егіздер Зарлық пен Мұңлықтың көнеден келе жатқан кесене-күмбездері – осы Оңтүстікте, яғни, Арыс пен Сырдарияның, Ақдала мен Жиделінің аралығында жазушы-драматургтің туып-өскен топырағында орналасқан. …