Талғам мен таным табиғаты

Қазақ прозасына алпысыншы жылдардың бел ортасында шоғыр-шоғыр боп талантты жастар келе бастады. Өртеңге шыққан құрақ қамыстай олар бірінен соң бірі дүр­мек-дүрмек боп кеп, бір-бірі­мен жарыса жазып, қазақ оқыр­ман­дарының кітапханасын жаңа шығармалармен байыта түсті. Ол шығармалар алдыңғы аға буын­ның шығармаларынан бөлекше тыныстағы, көп сөзділік пен ша­шы­раңқы оқиғалардан арылған, жаңа ой мен жаңа идеяны образ табиғатына сіңіре білген, керексіз, жанама детальдардан тазарған, …

Мұңлық-Зарлық

«Мұңлық-Зарлық» дастанын ел арасында қиссашыл ақын Жүсіпбек Шайхысламұлы жазып алып, ауыздан-ауызға таратқан екен. Бертін келе Дулат Исабеков жазып шыққан пьеса театрда сахналанып жүр.«Мұңлық-Зарлық» Шығыс жұртына ортақ дастан саналғанымен, қазақтың төл туындысы екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Ағалы-қарындасты егіздер Зарлық пен Мұңлықтың көнеден келе жатқан кесене-күмбездері – осы Оңтүстікте, яғни, Арыс пен Сырдарияның, Ақдала мен Жиделінің аралығында жазушы-драматургтің туып-өскен топырағында орналасқан. …

ҚАРҒЫН

Ол кезде жасы он сегізге толар-толмас уылжыған қыз еді. Өмір деген өзің талпынсаң болды, бар жақсылығын алдыңа жайып салып тұратын ертегілердегі қайырымды да, данышпан қариялардай боп көрінетін. Барлық тәрбиесі, дәулетті шаңырақтың ұл-қызындай бұл да тек мектеп программасымен шектеліп қалмай, жаратылыс тану, ерте дүние тарихы, музыка пәндері бойынша қосымша сабақ алды. Әкесі аудан көлеміндегі басшысының бірі болып тұрған соң ба, ол …