ЕРТЕГІ    ЕЛІНДЕ

Беріліп  істеген жұмыс қашанда ауыр болады ғой. Бесінші класс оқушысы  Ермектің әке-шешесі колхоздың құс   өсірушісі еді. Фермада әзірге екі-ақ адам жұмыс істейтін. Толып жатқан тауық, түйе тауық және үйрек-қаздарға жем, су беру, олардың астын тазалау, жұмыртқаларын жинап орталыққа апарып өткізу, ауырған құстарға қарау, тағы сондай толып жатқан қыруар шаруадан олар үйлеріне түн ішінде  ғана қалжырап оралатын. Содан соң асығыс тамақтарын …

БІЗ СОҒЫСТЫ КӨРГЕН ЖОҚПЫЗ

«Сендер соғысты көрген жоқсыңдар ғой…» Кешегі қилы заманның қиын-қыстау шағын еске алғанда бүгінгі шалдар әңгімесін осылай бастайды. Олар кешегі боздақтардың – бүгінгі шалдардың арқасында тыныш ұйықтап, «бейғам» өмір сүрген біздерге қызыға қарайды, сонымен бірге біздердің, әсіресе қырқыншы жылдар балаларының алдында өздерінің өтелмес парыз иесі екенін де аңғартады. Қырқыншы жылдары бала болған жоқ. Басқа жерлерде болса болған шығар, біздің ауылда болған …

Мазасыз күндер

  I Командировка… Алматыдағы республикалық байланыс әкімшілігінде істеп келе жатқан тоғыз жылдан бері осы бір сөз менімен ешқашан да ажыраспас серігім болып алды. Кейде, Қазақстанның сонау бір түпкірінде апталап, айлап болып өз үйіңе сағынып, сарғайып әрең жетесің. Әйтсе де үйреніп қалғандықтан ба, тыныш өмірдің кездейсоқ екі-үш айы артта қалса-ақ телефон әрбір шылдыраған сайын трубкадан нұсқаушының: “Дербісалин жолдас, сіз пәлен облыстың, …

Тіршілік

ШАЛЫ        Қырсығына алса айлап соғатын Арыстанды-Қарабастың долы желі бүгін үшінші күн, толастамай қақап тұр. Кейде ол наурызда басталып, сәуірде бір-ақ тыншу табады. Жер қарайып, үт кірген соң-ақ қыбыр-қыбыр етіп жапа-тармағай көктемгі егіс қамына кіріскен барша жұрттың апшысы бидайдай қуырылып, тоқшылықта ұмытқан жаратушыны күн сайын мың мәртебе еске алып, бұл қырсықтың көпке созылмай тез бітуін тілейді. Табиғат қырына …

Сүйекші

Желтоқсанның ызғарлы күндері де басталды міне. Суық түсіп, даланы қырау көмгелі Үндеместің сарыбы қайта қозып, сүйек-сүйегі сырқырап, кей күндері күн шыққанша жылы төсегінен тұрғысы келмей жатып алатын болды. Өзінің анадан шыр етіп туып, азан шақырып қойған аты Тұңғыш болса да, былайғы жұрт оны ауыз ашпас тұйық мінезіне қарап Үндемес атап кеткен-ді. Бұл қосалқы ат өзіне қашан тағылды, кім тақты — …

Пері мен періште

  — Өһө… Өһө… Ой, құдай-ау, айналайын Сафура-ай, сенің-ақ еркелеуің қалмайды екен. Мойнымнан қыса бермеші, тұншықтырып жібердің ғой тегі. Өһө-өһө, әні, буындырып барасың тура. Қолың темір ме өзі немене? Құлахмет ағайдың мұндай сандырағын бір жылдан бері естіп келемін, сондықтан болар, мен оның не сөйлеп, не қойып жатқанымен ісім де болмай өз жұмысыммен үнсіз шұғылдана беремін. Осы қаладағы бір заводқа инженер …

Бекет

                                                             Бұл тұңғышымды марқұм  анам   Күміскүлге арнаймын.                                                 …

Өкпек жолаушы

  Еңсені басып, апшыны қуырған қарашаның суық жаңбыры екі күннен бері толассыз жауып тұр. Әуелгіде азынаған желін ала келіп, ашулы басталып еді, бірер сағаттан соң арыны басылып, шаршамайтын баяу сарынға көшіп алды да, асфальт жамылған абыр-сабыр қаланы момақан да мүсәпір кейіпке түсіріп кетті. Өлмей шаруасы бітпейтін көшедегі ағылған адамдар да сиреп, жылы үйлерінен бас шығаруға жиреніп, тым-тырыс жатыр. Алдағы күндердің …

Дермене

Қара қарғаның миы қайнайтын шаңқай түс. Адырлы даланың бірте-бірте биіктеп барып аспан тебетін шоқтығын әлдекім қылышпен қиып түсіп, айналаны қоршап алған сағым теңізіне шым батырып жіберген секілді. Сәскеге дейін немесе бесін ауғаннан кейін сонау-сонау алыстан бозарып тұратын Алатау да, қапталдағы нар өркеш Қазығұрт та көзден ғайып болған. Қай жағыңа қарасаң тұңғиық теңіз, енді бірер сағаттың ішінде бұл аралықты да су …

Гауһар тас

Ыбыштың мінез-құлқы, кескін-келбеті, аузындағы сөзі мен күлкісіне шейін әкемнен аумай қалған, сойып қаптағандай дерсің. Екі иығы қақпақтай, менен екі есе бар. Шешінгенде білегіндегі білем-білем бұлшық еттер арасында шортан жүргендей бұлт-бұлт етіп ойнап шыға келеді. Ол асығу дегенді әсте білген жан емес. “Ойбай, тұр, қойға қасқыр шапты!” — десең де орнынан жайбарақат көтеріліп, маймаң-маймаң басып барып жарбиған жаман кепеден ер-тоқымын алады, …