ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ДУЛАТ ИСАБЕКОВ КІТАПХАНАСЫ АШЫЛДЫ

Түркістан облысының жұртшылығы талантты көзі тірісінде құрметтеудің жарқын үлгісін көрсетті. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты және халықаралық ПЕН клуб, Платиналы “Тарлан” сыйлықтарының лауреаты, белгілі қоғам қайраткері, драматург-жазушы Дулат Исабековтың туған жері Ордабасы ауданы Ақжол ауылында жазушының кітапханасы ашылды, деп хабарлайды “Ұлт ақпарат” “Оңстүстік Қазақстан” басылымына сілтеме жасап. Қаламгер туған жерінен ашылып отырған кітапханаға Алматыдан, жеке кітап қорынан 2500 дана кітап …

Лондон төріндегі қаламгер тойы

Қазақ топырағында туып, қазақ оқырманының тамырын дөп баса білген жазушы, драматург,  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабековтің шығармалары бұл күнде Еуропа құрлығына қарай жаңа сүрлеу салғандай. 2014 жылдан бері жазушының «Гауһар тас және өзге әңгімелері», «Өкпек жолаушы», «Біз соғысты көрген жоқпыз…» сияқты ағылшын тіліндегі бірнеше кітабын шығарып, «Өкпек жолаушы» атты спектаклін қазақ және ағылшын тілдерінде көрген ағылшын жұртының бірте-бірте …

ҚАЗАҚ ЖАЗУШЫСЫНЫҢ ЛОНДОНДАҒЫ ФЕСТИВАЛІ

ӨЗ МЕРЕЙТОЙЫН ҰЛЫБРИТАНИЯ АСТАНАСЫНДА ӨТКІЗГЕН ДУЛАТ ИСАБЕКОВ ЛОРДТАР ПАЛАТАСЫНДА СӨЗ СӨЙЛЕДІ Ұлыбритания астанасы Лондонда «Қазақ өнерінің фестивалі» деген атпен жазушы-драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры Дулат Исабековтің шығармашылығына негізделген фестиваль өтті.  Фестивальге Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театры «Жаужүрек» спектаклімен, Республикалық мемлекеттік Кәріс музыкалық комедия театры «Актриса» спектаклімен қатысса, ағылшындықтар «Аққу-Жібек» атты жаңа қойылымын ұсынды.  Бір …

Елу жылдан кейінгі емтихан

Дәстүрлі түрде атап өтіп жүр­ген­діктен «Университет бітір­­ген­дердің жиырма жыл­дығы, отыз жылдығы» деген құлақ­қа сіңісті болып кеткен сөз бүгін­де таңсық болмай, «Кім­дер­дің курсы екен?» деп қайыра сұра­ғанда, бірді-екілі мықты­сы­ның аты аталса, сол курс­тың салмағы сезіле қалатын­дай болу­шы еді. «Ескі КазГУ-де жазу­шы Дулат Исабеков универ­си­тет бітіргендерінің елу жыл­ды­ғын жасағалы жатыр екен» деген хабарды есті­ген­де, елеңдеп қалғанымыз рас. Өйт­кені, бәлен жылды той­лай­тын бел­сен­ділер …

«Әлем білуге тиіс жазушы»

 Дулат Исабеков мәскеулік оқырмандарымен кездесті Мәскеудегі Горький атындағы Әдебиет институтында көрнекті жазушы Дулат Исабековтің 75 жылдық мерейтойына орай кеш өтті.  Кешке Ресейдің белгілі қаламгерлері Н.Анастасьев, Б.Рябухин,  А.Потемкин, Г.Михров және басқа әдебиеттанушылар қатысып, жазушының шығармашылығы  туралы пікірлерін ортаға салды.  Кешті Әдебиет институтының проректоры, жазушы, әдебиеттанушы Сергей Дмитренко ашты. «Біздің институтта ақын, жазушы, әдебиеттанушы болсам деген арманы бар жастар оқиды. Біз олардан …

Хитроу әуежайындағы «Өкпек жолаушы»

Қазақ драматургы шығармасының Шекспирдің отанында қойылуы ұлт мәдениетінің тамаша табысы. Ілкімді істерге кішігірім кездесулер мен танысулар сеп болатынын талай көріп жүрміз ғой. Ұлыбританиядағы «Ш.Айтматов академиясының» директоры, профессор Рахима Әбдуәлиевамен басталған алғашқы таныстық жазушы, драматург Дулат Исабековтің екінші бір тынысының ашылып, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің кең қанат жая түсуіне себепкер болғандай. Жақында, сәуір айының 6-12-сі аралығында Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласында «Қазақ …

«Әлем білуге тиіс жазушы». Дулат Исабеков мәскеулік оқырмандарымен кездесті.

Мәскеудегі Горький атындағы Әдебиет институтында көрнекті жазушы Дулат Исабековтің 75 жылдық мерейтойына орай кеш өтті.  Кешке Ресейдің белгілі қаламгерлері Н.Анастасьев, Б.Рябухин,  А.Потемкин, Г.Михров және басқа әдебиеттанушылар қатысып, жазушының шығармашылығы  туралы пікірлерін ортаға салды. Кешті Әдебиет институтының проректоры, жазушы, әдебиеттанушы Сергей Дмитренко ашты. «Біздің институтта ақын, жазушы, әдебиеттанушы болсам деген арманы бар жастар оқиды. Біз олардан әлем әдебиетін жақсы білуді талап …