Өз сынынан қорыққан драматург (2-бөлім)

«Шағала» мен «Ваня ағайдың» алғашқы сәтсіз қойылымынан кейін және газет-журналдар мен ең жақын достарының ауыр сы­нынан кейін «енді 700 жыл өмір сүрсем де, драматургияның есі­гін қайтып ашпаймын» деп пье­са жазудан бас тартқан А.П.Чехов сияқты Н.В.Гоголь де  «Ре­визор­дың» Петербургте, онан соң Мәс­кеудің Кіші театрындағы сәтсіз қойылымынан кейін ұзақ уақыт бойы драматургиядан қол үзіп кетті. Бір кездері «Драма сахнада ғана өмір сүреді, …

Өз сынынан қорыққан драматург (1-бөлім)

 Н.В.Гоголь өзінің хаттарының бірінде былай деп жазған еді: «Театр деген еріккеннің ермегі емес, әрбірден соң қажеті жоқ бос әурешілік те емес. Егер оның шаңырағының астына бір-біріне ұқсамайтын мыңдаған адам сыйып, сол мыңдаған адам бір сәтте күліп, бір сәтте күңіреніп, бір сәтте көзіне жас алып күрсінетін болса, оны қалайша қасиет тұтпауға болады? Ол деген барша әлемнің алдында асқақ үніңді білдіре алатын …

Енді 700 жыл жасасам да пьеса жазбаспын деген драматург

Чехов және пьесаларының тағдыры АНТОН ПАВЛОВИЧ ЧЕХОВ (1861-1904)   Хрущов: «В человеке все должно быть прекрасно: и лицо, и одежда и душа и мысль»                                                                                          («Леший») Чеховтың әкесі Павел Егорович өте қатал адам болыпты. Ол балаларына аяушылық жасамайтын: ұрады, ұрысады, суық лавкада жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Сабақты да суық лавкада оқытатын. Ағалары Александр мен Николай да жазадан көз ашпайтын. Чеховтың қиын …

Ағысқа қарсы жүзген жазушы

Украинадан Мәскеуге 1921 жылы көшіп келген Михаил Булгаков Большая Садовая көше­сіндегі 10-үйдің 50 пәтеріне әйе­лі Татьяна Лаппа екеуі қоныс­танады. Дәл осы үйде сол кездегі атақты театр суретшісі Георгий Якуловтың шеберханасы болатын. Оның шеберханасына әйгілі адамдар көп жиналатын. Олардың арасында оқу-ағарту наркомы Луначарский, ақындар Андрей Белый, Сергей Есенин, режиссер Мейерхольд сияқты ұлы тұлғалар болды. Есенин дәл осы шеберханада Айседора Дунканмен танысып, …

Ағысқа қарсы жүзген жазушы

 Шығармашылық тағдыры тар жол, тайғақ кешуге толы талай ерекше талант иесі бар. Солардың бірі – орыстың әйгілі жазушысы – Михаил Афанасьевич Булгаков. Ол бар-жоғы 49 жыл өмір сүрді. Осы 49 жылдың ішінде ол артына өлмес мұра қалдырып кетті. А.П.Чехов сияқты оның да мамандығы – дәрігер. Сондықтан да болар, оның әңгімелерінің не­гізгі тақырыбы дәрігерлер өм­і­рінен алынған. Оның басты шығармалары: «Мастер мен …

Бізге белгілі әрі белгісіз Горький (Соңы)

Аңыз бен ақиқат Дәл осы сәтке дейін М.Горь­кий өмірі аңыз бен ақиқат ара­сындағы жазушыға қажет атақ-даңқ пен құрметке бөленіп келсе, бір кездері өзін 25 жасар жі­­гіт­тей сезіндірген ғашығы сол­ аңыздың бәріне қара нүкте қоярын романтикалық сезім мен се­німге құлай сенетін талант иесі қай­дан білсін. Кеңес өкіметінің әдебиет әлеміндегі атын асқақ­тата түскен «Егор Булычев және бас­қалар»,  «Шыңырауда», «Ме­щандар», «Саябақшылар» («Дач­ники»), «Күн …

Бізге белгілі әрі белгісіз Горький (жалғасы)

Горький шығармашы­лы­ғын­­дағы үлкен белестердің бірі – оның «Егор Булычов жә­не басқалар» драмасы мен «Вас­са Железнова» трагедиясы бол­ды. Тақырып жағынан екеуі де бір-біріне ұқсас. Егор Булы­чов та, Васса Железнова да Ресей­дегі ең ірі кәсіпорын иелері. Мұн­дағы драмалық ситуациялар да бір-бірімен қарайлас келеді. Сон­дықтан да болар, театр сыншылары Васса Железнованы «юбка киген Булычов» деп те атап жүрді. «Егор Булычов және басқалар» пьесасы …

Бізге белгілі әрі белгісіз Горький (жалғасы)

Бізге белгісіз Горький Кеңес Одағы кеңістігінде оның шығармаларының тара­лы­мы 242 миллионға жетті. Оның атақ-даңқы тек Кеңес Ода­ғының шеңберімен шек­теліп қал­ған жоқ, ол әлемдік дең­гей­дегі ең әйгілі, ең атақты ойшыл жазушы боп мойындалды. Ал­ты рет Нобель сыйлығының но­ми­нанты болды. Бірақ оған әде­биет саласындағы ең атақты сый­лық бәрібір берілмеді. Ко­ми­тет мәжілісіндегілердің пікірі бойынша, оған сыйлықтың бе­ріл­меу себебі – М. Горький ал­ғашқы кезеңде …

Бізге белгілі әрі белгісіз Горький (жалғасы)

Өмірдегі және шығар­машы­лықтағы драма «Театрдың туылуы» атты кітабында МХАТ-тың негізін салу­шылардың бірі әрі Остров­скийдің, Чеховтың, Толс­той­дың, Горькийдің пьесаларын реформаторлық жоғары та­ным деңгейімен сахналап, олар­дың шығармаларына  өлмес ғұмыр сыйлаған В.Немирович-Данченко бүкіл театр болып Ял­таға, Чеховтың көңілін сұрау­ға барған кезінде кенеттен Горь­кий­мен танысқанын, сол та­ныс­тықтары шығармашылық дос­тық­қа ұла­сып, оған бір емес, бір­неше пьеса жаздырғанын айтады. «Ялтаға келген соң, театр ар­тистерін қонақүйге орналастырып …

Бізге белгілі әрі белгісіз Горький

Шығармашылық шеберлік, жазушының өзіндік лаборатория­сы, әдебиет төңірегіндегі парасат-пайымдары – қаламгердің ең үлкен қазынасы. Біз де жазушы Дулат Исабековтің қоржынындағы әдебиет туралы жазған дүниелеріне қолқа салып отырған жайымыз бар. Жазушының сериялы мақалаларының алғашқы бөлімін оқырман назарына ұсынып отырмыз. Ресей тарихында сол кездегі ұғым бо­йынша, мемлекеттік ғы­лым мен саясат әлемі дү­ниеге Ленин сынды бұрын-соңды болып көрмеген және қайталанбас ғұламаны берсе, әдебиет әлемінде …