ЕСЕПШОТ, ТҮЙЕТАУЫҚ ЖӘНЕ ДОМИНО

Пістекүл өзін ауылдағы ең ажарлы, өжет, екі сөйлеу дегенді білмейтін және көзі ашықтығы жағынан өзгелерге қарағанда оқ бойы озық әйелмін деп санаушы еді. Өзі туралы мұндай берік байлам оның кеудесіне нан пісіріп, көшеге шыға қалса былайғы жұртты көзге ілмей, бойын тәкаппар ұстауға тырысатын-ды. Дәл осы мінезінің арқасында ол ауылдағы құрбы-құрдастарымен ғана емес, совхоздың бухгалтері, “туған” күйеуі Сопытаймен де жиі-жиі жүз …

АҚЫРАМАШТАН НАУРЫЗҒА ДЕЙІН

Қараспан төбенің батыс жағын жайлаған шағын ауыл, мақта терім бітіп, жерге алғаш қар түскенде барып уһ деп демдерін бірақ алады. Қызыл топырақтың астынан қос құлақ боп қылтиып көрінген қоза жарықтық бейнет атаулыны жер бетіне өзімен бірге түгел ала шығып, қыр басындағы ауыл адамдарына сонау ақырамашқа дейін ес жиғызбайды. Күн қақтап, шаң қапқан, жаманды-жақсылы бір істі атқарып салған соң алғаш қар …

«ОГОНЕК» ЖУРНАЛЫНЫҢ 17-САНЫ

Қазан вокзалынан шыққан жүрдек поездың тұсауы шешіліп, төмен құлдилаған қырғидай көз ілеспес шапшаңдық алғанына бір сағаттай болды. Иықтарымен сым тіреген телеграф бағаналары көз алдыңнан сілтенген қамшыдай сып-сып етіп тынымсыз өтіп жатыр. Поезд жүрер алдындағы жолаушылардың айғай-шуы мен сапырылысқан қарбалас басылып, әркім өз орындарына жайғасып, көңілдері жай тапқан шақ. Купелеріне көңілдегідей орналасып алған соң енді бұдан ары уайым-қайғы деген мүлде кездеспестей, …

ҚАБЫЛАН

–Сонда, оның ескі жұртты сағынғаны ма? –Солай болғаны ғой. –Апырмай, итте де ондай қасиет болады екен-ау. –Болады… *                *               * Көктем шығуы-ақ мұң екен, Қабыланның да барлық мінезі, жүріс-тұрысы, күнделікті әдеті, төңірекке көзқарасы, бәрі-бәрі де өзгеріп сала берді. Оның біздің есіктің алдына келгеніне міне төрт ай болды. Осы төрт айдың ішінде Қабылан көз алдымызда жүрсе де бәрімізден ұрланып ержеткен секілді. …

КЕМПІРЛЕР

Біздің ауылдың шет жағында еңсесімен көз тарта қоймайтын, кішкентай ғана елеусіз бір үй бар. Оның өзгелер сияқты сапырылысып келіп-кетіп жатқан мейманы да жоқ, шалқып жатқан дәулеті мен шаруасы да жоқ. Осы үйдің құрым киізбен қапталған қара есігінен бірі үлкен, бірі кіші екі адам — әжесі мен әлі мектепке бара қоймаған немересі ғана кіріп-шығып жүреді. Екеуі бір-біріне серік, бір-біріне жұбаныш. Әжесінің …

ШАЛДАР

Ақымақтар-ай, тентектер-ай түге! О, жарым естер-ай десеңші! Бойына сыймаған күйініш пен өкініш, Қарекеңнің жан түбінен осы бір сөздерді лақтырып тастады. “Не жетпейді, апыр-ау не жетпейді екен бұларға. Ел тыныш, қой үстіне бозторғай жұмыртқалап, ақ түйенің қарны ақтарылып жатысы мынау. Белі сырқырап жұмыс істеп жатқан да жоқ қой жүдә. Енді не жетпейді бұларға? “Осылар жесін, осылар кисін” деп жар құлағың жастыққа …

ҚАРА ШАҢЫРАҚ

Шөмішбай қарт орнынан тұрып, дәретін алды, намазын оқып болып, үйден қозы көш жердегі қауындыққа беттеді. Шелектей-шелектей ақ торламалар мәнтінен үзіліп, арық ішінде домаланып жатыр екен. Бес-алты басыпалдыны ит жеп, жегенімен қоймай пәйкелді шошқа аунағандай майқамдап тастапты. Қарт күйіп кетті. — Ит жесін деп еккен екем ғой бұларды! Қап шошқаның иті-ай! Ана сүмелек Есіркепке мылтық әкеп бер деп құдайдың зарын қылғаным …

ШОЙЫНҚҰЛАҚ

Аласапыран көктемнің кезі еді. Қыс бойы қар астында тұншыққан жер беті енді емін-еркін рахаттана тыныс алғандай. Ауыл сыртындағы құба жондар қыстан әбден титықтап тойымсыз табындыра түседі. Бұрын ақ қардың үстіне әлдекім қарамай жағып кеткендей алыстан шұбарланып көрінетін қара жол, енді тапталған қамырдай көзге сарғыш шалынады. Жер беті ерекше бір жанданып келе жатыр. Топырақ астында бұғып жатқан тіршілікті құдіретті күн сәулесі …

ЖОЛДА

Кеше ғана жолдың бұрқырап жатқан шаңы, түнімен жауған жаңбырдан, бүгін шылқылдаған саз балшыққа айналыпты. Үй шатырынан тырсылдап тамған мөлдір тамшылар, ұлы жауынның әлгінде ғана басылғанын айқындап тұр. Үстіне құрылыс материалдарын артқан машина, жалтыраған асфальт көшемен Арыс қаласынан шықты да, тегіс жол біткен соң екі жағына кезек теңселіп, көшедегі шалшық суларды шашырата жөнелді. Азанмен жайылуға шыққан ашқарақ тауықтар, машина әбден тақалғанша, …

Ең бақытты түн

“Япыр-ай, көріспегенімізге он екі жыл болып қалған ба?” деп жазыпты, 1963 жылдың июлінде Жүсіптің Сыр бойында тұратын нағашы ағасы Нұртөлеу. –Осы кезге шейін сен өзгеріп кеткен шығарсың. Бәлкім, бір-бірімізді танымаспыз да. Мен саған ұрысқалы отырған жоқпын, нағашысы туған жиеніне қалай өкпе-наз айтатын болса мен де солай демекпін. Япырым-ау, осынша жылдан бері бір хат жазсаң нетті?! Бізді қойшы, ұмытсаң ұмыта бер, …