Дулат Исабеков. «Қарғын» романы

Қазіргі заман жазушыларының ішінде есімі ерек қаламгер – Дулат Исабеков. Ол – қазақ драматургиясының дамуына үлкен үлес қосқан көрнекті драматург. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, «Платиналық Тарлан» лауреаты. Қазақтың ғана емес, әлем әдебиетінде де орны бар тұлға. Бүгінгі бағдарламамызда Дулат Исабековтың «Қарғын» романы кеңінен таныстырылып, талқыланады.