Дулат ИСАБЕКОВ: АРЫС ОҚИҒАСЫ – ҮЛКЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПСЫЗДЫҚ

Махамбет Өтемісұлы айтқандай, «Тағы да келдік тар жерге, таңдасаң тағы болар ма?» деген. Тағы да біз тығырыққа тірелдік. Тағы да топалаңның астында қалдық. Бір қала, бір өңір халқы Ақтабан Шұбырындыдағыдай дала кезіп, бас сауғалап кетті… Мемлекет де, қарапайым халық та шама-шарқынша, қол ұшын созып жатыр. Жекелеген кәсіпкерлер де миллиондап қаржы аударып жатыр. Осының бәрінің алдын алуға болатын ба еді? Болатын …

БӘРІНЕ УАҚЫТ ТӨРЕШІ

Уақыт қатал, уақыт қатыгез, уақыт мейірбан. Ол зымырап өте береді, оған ілескендері ілеседі, ілеспегендері жол шетіне шығып ұмытылып қала береді. Әрнуар Боранбаев уақыттың қатал сынынан сүрінбей, бейнесі көмескіленбей, керісінше, жылдар өткен сайын жұлдызы жырқырай түсіп, замандастары мен кейінгі ұрпақтың алдында мақтаныш тұтар айтулы тұлғаға айналды. Сахнада, экранда жасаған образдары, қала берді, қазақ тіліне аударылған көптеген фильмдердегі қайталанбас қоңыр даусы бәріміздің …

Сценарийден экранға дейін

1975 жылы «Қазақфильм» киностудиясы жас жазушыларды киноға тартпақ болып, бір топ жас ақын-жазушыларды кешкілік курсқа шақырды. Киноның ерекшелігімен таныстырды, актерлер, режиссерлер сабақ берді. Оның соңы Мәскеу түбіндегі киногерлердің демалыс үйіне барып, отандық, шетелдік фильмдермен етене танысатын бір айлық курстан өтуімізбен аяқталды.  Одан қайтып келген соң бәрімізден болашақ сценарийдің жобасын жазып әкелуді тапсырды. Мен «Гауһартас» повесі бойынша жоба емес, сценарийдің алғашқы …

Сценарийден экранға дейін…

«Кино түсіргім келеді». Мұндай талпыныс-тілекті қазіргі кезде, әсіресе, жастардың арасынан, тіпті кәнігі режиссерлердің аузынан да жиі естиміз. «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» дегендей, кино түсіруге деген ынтығушылық соңғы кезде көбейе бастады, тіпті әнші-биші, күйшілер де продюсер болып, фильм түсіруге кірісіп жатыр. Кинорежиссер, киносценарист мамандығын кәсіби түрде меңгеру үшін талапкерлердің бәрі дерлік Алматыда, ВГИК-те, қала берді шетелде оқып келіп, «Қазақфильмнен» әрең дегенде …

Батысқа Шығысты мойындатқан қаламгер

Штюрмерлер халыққа жақын болды, ол қарапайым халық­тың жанды тіліне кеңінен жол ашты. Неміс драматургиясын жаппай шекспирлендіру тенденциясы басталды. Лессинг бұл бағытты ешқашан алдына мақсат етіп қойған жоқ. Алайда «Дауыл мен шабуыл» деп аталған қозғалыс неміс драматургиясын шекспирлендіруден бас тартқан жоқ. Осы қозғалысты жастар жағы жаппай қолдады. Солар­дың арасында Иоганн Воль­ф­га­нг Гете де болды. Ол ауқатты отбасында дүниеге келді. Лейпциг, Страсбург …

Өз сынынан қорыққан драматург (2-бөлім)

«Шағала» мен «Ваня ағайдың» алғашқы сәтсіз қойылымынан кейін және газет-журналдар мен ең жақын достарының ауыр сы­нынан кейін «енді 700 жыл өмір сүрсем де, драматургияның есі­гін қайтып ашпаймын» деп пье­са жазудан бас тартқан А.П.Чехов сияқты Н.В.Гоголь де  «Ре­визор­дың» Петербургте, онан соң Мәс­кеудің Кіші театрындағы сәтсіз қойылымынан кейін ұзақ уақыт бойы драматургиядан қол үзіп кетті. Бір кездері «Драма сахнада ғана өмір сүреді, …

Өз сынынан қорыққан драматург (1-бөлім)

 Н.В.Гоголь өзінің хаттарының бірінде былай деп жазған еді: «Театр деген еріккеннің ермегі емес, әрбірден соң қажеті жоқ бос әурешілік те емес. Егер оның шаңырағының астына бір-біріне ұқсамайтын мыңдаған адам сыйып, сол мыңдаған адам бір сәтте күліп, бір сәтте күңіреніп, бір сәтте көзіне жас алып күрсінетін болса, оны қалайша қасиет тұтпауға болады? Ол деген барша әлемнің алдында асқақ үніңді білдіре алатын …

Енді 700 жыл жасасам да пьеса жазбаспын деген драматург

Чехов және пьесаларының тағдыры АНТОН ПАВЛОВИЧ ЧЕХОВ (1861-1904)   Хрущов: «В человеке все должно быть прекрасно: и лицо, и одежда и душа и мысль»                                                                                          («Леший») Чеховтың әкесі Павел Егорович өте қатал адам болыпты. Ол балаларына аяушылық жасамайтын: ұрады, ұрысады, суық лавкада жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Сабақты да суық лавкада оқытатын. Ағалары Александр мен Николай да жазадан көз ашпайтын. Чеховтың қиын …

Ағысқа қарсы жүзген жазушы

Украинадан Мәскеуге 1921 жылы көшіп келген Михаил Булгаков Большая Садовая көше­сіндегі 10-үйдің 50 пәтеріне әйе­лі Татьяна Лаппа екеуі қоныс­танады. Дәл осы үйде сол кездегі атақты театр суретшісі Георгий Якуловтың шеберханасы болатын. Оның шеберханасына әйгілі адамдар көп жиналатын. Олардың арасында оқу-ағарту наркомы Луначарский, ақындар Андрей Белый, Сергей Есенин, режиссер Мейерхольд сияқты ұлы тұлғалар болды. Есенин дәл осы шеберханада Айседора Дунканмен танысып, …

Ағысқа қарсы жүзген жазушы

 Шығармашылық тағдыры тар жол, тайғақ кешуге толы талай ерекше талант иесі бар. Солардың бірі – орыстың әйгілі жазушысы – Михаил Афанасьевич Булгаков. Ол бар-жоғы 49 жыл өмір сүрді. Осы 49 жылдың ішінде ол артына өлмес мұра қалдырып кетті. А.П.Чехов сияқты оның да мамандығы – дәрігер. Сондықтан да болар, оның әңгімелерінің не­гізгі тақырыбы дәрігерлер өм­і­рінен алынған. Оның басты шығармалары: «Мастер мен …