ҚАРА ШАҢЫРАҚ

Шөмішбай қарт орнынан тұрып, дәретін алды, намазын оқып болып, үйден қозы көш жердегі қауындыққа беттеді. Шелектей-шелектей ақ торламалар мәнтінен үзіліп, арық ішінде домаланып жатыр екен. Бес-алты басыпалдыны ит жеп, жегенімен қоймай пәйкелді шошқа аунағандай майқамдап тастапты. Қарт күйіп кетті. — Ит жесін деп еккен екем ғой бұларды! Қап шошқаның иті-ай! Ана сүмелек Есіркепке мылтық әкеп бер деп құдайдың зарын қылғаным …

ӘКЕ

Алматыдағы бір құрылыс басқармасының аға инженері Әшірәп Байтұрсынов қызметтен үйіне оралды. Әйелі Ғазиза осыдан екі күн бұрын кішкене Ержан мен Сейтекті ертіп, Шымкенттегі төркініне кеткен еді. Мазасын алатын ешкім жоқ. Сондықтан ол өз бөлмесінің есігін ашып тастап, жұмсақ орындыққа шалқалай түсіп, күнделікті газеттерді қарап отырды. Осы кезде ауызғы үйдің есігі сарт етіп жабылды да, әлдекім тасыр-тұсыр етіп кіріп келді. “Ай, …

БІТПЕЙДІ-АУ АРМАН

Ертең оның ұлы келеді, екі жыл бойы көрмеген ұлы! Ол — лейтенант, ол — балғындай жас офицер! Отставкадағы қарт полковник Айтөре Қалимолдиннің көкірегі ерекше бір мақтаныш пен масатқа толып, қуаныштан түні бойы ұйқысы келмей қойды. Жалғыз ұлы Нариманы он сегізде оқуға кеткен еді, қазір жиырма екіде. Алғашқы екі жыл бойы келіп жүрді де, соңғы екі жыл әлдеқалай бір себептермен келе …

АҒАЙЫНДЫЛАР

Төрт жасар баламды құшағыма қыса түсіп, сол бір күндер туралы әлі де жиі-жиі ойлана беремін. Түннің көп мезгілі өтіп кетсе де кірпігім айқасар емес, неге екені белгісіз, бүгін ұйықтайын деп те ниет етпейтін сияқтымын. Міне, таңның атуы маған ғана байланысты болар деп ойлайтын ақымақ әтештер екінші рет шақыра бастады. Әуелі үйдің дәл түбінен біреуі айқайлады, сонан соң сәл алысырақтан, ең …

СЫР БОЙЫНДА

Новелла Сіз аң аулаудың қаншалықты қызық екенін білесіз бе? Ит тұмсығы өтпестей қалың өскен орман арасында киіміңізді шеңгелге жұлмалатып кешкілік бір қырғауылға шықсаңыз, немесе бұл дүниеде өзінен асар тірі жан жоқтай өзен жағасында қаннен-қаперсіз қара лайға армансыз аунап жатқан қауіпті де ақымақ қабанды ауласаңыз, бойыңыз бір көтеріліп, жаныңыз бір жаңғырып қалмас па! Ой-хой, дүние-ай десеңізші, ондай серуенге не жетсін, шіркін! …

МӘҢГІЛІК  ҚАҒИДА

…Сонымен, бәрі де бітті. Екі айға созылған алдын ала тексеру, куәлардан жауап алу, тексеру изоляторында отырған үміт пен өкінішке толы күндер, адвокаттың мұны ақтап алмақ болған әрекеті, бәрі-бәрі артта қалды. Ол сот процесі өтіп жатқан ең соңғы сәтке дейін еркіндіктен үмітін үзбеп еді. Үкім жаңа ғана оқылды. Үкім оқылып жатқанда бостандықтың есігіне қол созым ғана қалғандай, сол есікке тезірек жетуге …

ӨЗЕН СУАЛҒАНДА

Аспан айналып жерге түсердей шілденің шыжып тұрған кезі. Шақырайған күн минут сайын жерге жақындап келе жатқан тәрізді. Дала оты сөнбеген тандырдай аптап атып тұр. Әуе тымырсық. Лып еткен жел жоқ. Анда-санда ауыл арасынан тік көтерілген құйындар тыныш жатқан шөп-шаламдар мен теміржол жиегіндегі сары қағаздарды ту биікке алып шығып, ермек таппағандай құтырына ойнайды. Айнала жым-жырт. Осы маңдағы адамзат мекенінің бәрі де …

ШОЙЫНҚҰЛАҚ

Аласапыран көктемнің кезі еді. Қыс бойы қар астында тұншыққан жер беті енді емін-еркін рахаттана тыныс алғандай. Ауыл сыртындағы құба жондар қыстан әбден титықтап тойымсыз табындыра түседі. Бұрын ақ қардың үстіне әлдекім қарамай жағып кеткендей алыстан шұбарланып көрінетін қара жол, енді тапталған қамырдай көзге сарғыш шалынады. Жер беті ерекше бір жанданып келе жатыр. Топырақ астында бұғып жатқан тіршілікті құдіретті күн сәулесі …

СОЦИАЛИЗМ ЗӘУЛІМІ

Мәскеуде қандай қаулы қабылданбасын алдымен Алматыға жететін әдеті. Совет үкіметі орнаған күннен бастап съездер мен толып жатқан пленумдардың шешімі Россияның мыңдаған деревнялары мен басқа республикалардың үстінен төрт мың шақырым еш жерге аялдамай аман-есен ұшып өтіп, ең әуелі дәл осы жерде жүзеге асып жатады. Әлгі деревнялар мен республикалар орталықтың шешімін енді естігенде қазақстандықтар оған баяғыда-ақ бел шешіп кірісіп кеткен боп шығады. …

 ЖҮЗ ЖЫЛДЫҚ АРМАН

“Қоянды” колхозының тірлігі соңғы он бес жылдың ішінде бір оңбай-ақ қойды. Мұзға құлаған түйедей бір аяғын әзер жинағанда екінші аяғы тайып, әбден қалжырап, болдырып, өмірден күдерін үзіп, тұралаған халге жетті. Ауыл адамдары күннен-күнге қожырап бара жатқан тіршіліктерін жөндеу үшін не амал жасамады десеңізші. Ауыл көлемінде әлденеше рет жиналыстар өткізді, талай-талай қаулылар қабылдады. Болмады. Басшылар ауданға барып, аудан ауылға келді. Одан …