«ОГОНЕК» ЖУРНАЛЫНЫҢ 17-САНЫ

Қазан вокзалынан шыққан жүрдек поездың тұсауы шешіліп, төмен құлдилаған қырғидай көз ілеспес шапшаңдық алғанына бір сағаттай болды. Иықтарымен сым тіреген телеграф бағаналары көз алдыңнан сілтенген қамшыдай сып-сып етіп тынымсыз өтіп жатыр. Поезд жүрер алдындағы жолаушылардың айғай-шуы мен сапырылысқан қарбалас басылып, әркім өз орындарына жайғасып, көңілдері жай тапқан шақ. Купелеріне көңілдегідей орналасып алған соң енді бұдан ары уайым-қайғы деген мүлде кездеспестей, …

ҚАБЫЛАН

–Сонда, оның ескі жұртты сағынғаны ма? –Солай болғаны ғой. –Апырмай, итте де ондай қасиет болады екен-ау. –Болады… *                *               * Көктем шығуы-ақ мұң екен, Қабыланның да барлық мінезі, жүріс-тұрысы, күнделікті әдеті, төңірекке көзқарасы, бәрі-бәрі де өзгеріп сала берді. Оның біздің есіктің алдына келгеніне міне төрт ай болды. Осы төрт айдың ішінде Қабылан көз алдымызда жүрсе де бәрімізден ұрланып ержеткен секілді. …

БЕЙТАНЫСТАР

Сәскеде жауған қардың аяғы енді жаңбырға айналды. Жердің миы шығып, қара жол қамырдай иленіп жатыр. Қыс ортасы болса да Қаратау өңірінің кей жылдары осылайша мың құбылып, қай жағына ауарын білмей өзінің де, шаруаның да мазасын алып, ығырыңды шығарып бітетін кездері жиі кездесіп тұрады. Мұндай сәттерде кім-кім де болса жолға шыққанды жаны қаламас еді. Бірақ, “таң атпайын десе де күн қоймайды” …

КЕМПІРЛЕР

Біздің ауылдың шет жағында еңсесімен көз тарта қоймайтын, кішкентай ғана елеусіз бір үй бар. Оның өзгелер сияқты сапырылысып келіп-кетіп жатқан мейманы да жоқ, шалқып жатқан дәулеті мен шаруасы да жоқ. Осы үйдің құрым киізбен қапталған қара есігінен бірі үлкен, бірі кіші екі адам — әжесі мен әлі мектепке бара қоймаған немересі ғана кіріп-шығып жүреді. Екеуі бір-біріне серік, бір-біріне жұбаныш. Әжесінің …

ШАЛДАР

Ақымақтар-ай, тентектер-ай түге! О, жарым естер-ай десеңші! Бойына сыймаған күйініш пен өкініш, Қарекеңнің жан түбінен осы бір сөздерді лақтырып тастады. “Не жетпейді, опыр-ау не жетпейді екен бұларға. Ел тыныш, қой үстіне бозторғай жұмыртқалап, ақ түйенің қарны ақтарылып жатысы мынау. Белі сырқырап жұмыс істеп жатқан да жоқ қой жүдә. Енді не жетпейді бұларға? “Осылар жесін, осылар кисін” деп жар құлағың жастыққа …

ҚАРА ШАҢЫРАҚ

Шөмішбай қарт орнынан тұрып, дәретін алды, намазын оқып болып, үйден қозы көш жердегі қауындыққа беттеді. Шелектей-шелектей ақ торламалар мәнтінен үзіліп, арық ішінде домаланып жатыр екен. Бес-алты басыпалдыны ит жеп, жегенімен қоймай пәйкелді шошқа аунағандай майқамдап тастапты. Қарт күйіп кетті. — Ит жесін деп еккен екем ғой бұларды! Қап шошқаның иті-ай! Ана сүмелек Есіркепке мылтық әкеп бер деп құдайдың зарын қылғаным …

ӘКЕ

Алматыдағы бір құрылыс басқармасының аға инженері Әшірәп Байтұрсынов қызметтен үйіне оралды. Әйелі Ғазиза осыдан екі күн бұрын кішкене Ержан мен Сейтекті ертіп, Шымкенттегі төркініне кеткен еді. Мазасын алатын ешкім жоқ. Сондықтан ол өз бөлмесінің есігін ашып тастап, жұмсақ орындыққа шалқалай түсіп, күнделікті газеттерді қарап отырды. Осы кезде ауызғы үйдің есігі сарт етіп жабылды да, әлдекім тасыр-тұсыр етіп кіріп келді. “Ай, …

БІТПЕЙДІ-АУ АРМАН

Ертең оның ұлы келеді, екі жыл бойы көрмеген ұлы! Ол — лейтенант, ол — балғындай жас офицер! Отставкадағы қарт полковник Айтөре Қалимолдиннің көкірегі ерекше бір мақтаныш пен масатқа толып, қуаныштан түні бойы ұйқысы келмей қойды. Жалғыз ұлы Нариманы он сегізде оқуға кеткен еді, қазір жиырма екіде. Алғашқы екі жыл бойы келіп жүрді де, соңғы екі жыл әлдеқалай бір себептермен келе …

АҒАЙЫНДЫЛАР

Төрт жасар баламды құшағыма қыса түсіп, сол бір күндер туралы әлі де жиі-жиі ойлана беремін. Түннің көп мезгілі өтіп кетсе де кірпігім айқасар емес, неге екені белгісіз, бүгін ұйықтайын деп те ниет етпейтін сияқтымын. Міне, таңның атуы маған ғана байланысты болар деп ойлайтын ақымақ әтештер екінші рет шақыра бастады. Әуелі үйдің дәл түбінен біреуі айқайлады, сонан соң сәл алысырақтан, ең …

СЫР БОЙЫНДА

Новелла Сіз аң аулаудың қаншалықты қызық екенін білесіз бе? Ит тұмсығы өтпестей қалың өскен орман арасында киіміңізді шеңгелге жұлмалатып кешкілік бір қырғауылға шықсаңыз, немесе бұл дүниеде өзінен асар тірі жан жоқтай өзен жағасында қаннен-қаперсіз қара лайға армансыз аунап жатқан қауіпті де ақымақ қабанды ауласаңыз, бойыңыз бір көтеріліп, жаныңыз бір жаңғырып қалмас па! Ой-хой, дүние-ай десеңізші, ондай серуенге не жетсін, шіркін! …