Гауһар тас

Ыбыштың мінез-құлқы, кескін-келбеті, аузындағы сөзі мен күлкісіне шейін әкемнен аумай қалған, сойып қаптағандай дерсің. Екі иығы қақпақтай, менен екі есе бар. Шешінгенде білегіндегі білем-білем бұлшық еттер арасында шортан жүргендей бұлт-бұлт етіп ойнап шыға келеді. Ол асығу дегенді әсте білген жан емес. “Ойбай, тұр, қойға қасқыр шапты!” — десең де орнынан жайбарақат көтеріліп, маймаң-маймаң басып барып жарбиған жаман кепеден ер-тоқымын алады, …