Мұңлық-Зарлық

«Мұңлық-Зарлық» дастанын ел арасында қиссашыл ақын Жүсіпбек Шайхысламұлы жазып алып, ауыздан-ауызға таратқан екен. Бертін келе Дулат Исабеков жазып шыққан пьеса театрда сахналанып жүр.«Мұңлық-Зарлық» Шығыс жұртына ортақ дастан саналғанымен, қазақтың төл туындысы екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Ағалы-қарындасты егіздер Зарлық пен Мұңлықтың көнеден келе жатқан кесене-күмбездері – осы Оңтүстікте, яғни, Арыс пен Сырдарияның, Ақдала мен Жиделінің аралығында жазушы-драматургтің туып-өскен топырағында орналасқан. Дулат Исабеков қаршадайынан-ақ “Мұңлық-Зарлықтың” сағынышты сарынын, сырлы әуезін анасы Күміскүлдің ыңылдап айтқан әнінен құлағына құйып, зердесіне түйіп өскен. Бұл күндері халық «әулие» деп санайтын Ханшайым мен Зарлық мазарына күмбез орнатылып, ел қамқорлығына алынған. Мұңлық қыз моласы бұл қорымнан бөлек жерге қойылып, оның басында да лайықты белгі орнатылған екен.

https://www.ktk.kz/kz/news/video/2010/05/28/5972